Комсомол кентінде көп балалы отбасылар үшін он жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Құрылысты өз есебінен «Зеленстрой», «Семей құрылыс материалдары», «Арт Строй Групп» және «Санжар» қалалық кәсіпорындары жүргізуде. Кейін бұл үйлерді әкімдік сатып алып, кезекке сәйкес көпбалалы отбасыларға үлестіреді.

–Бүгінде мұнда үйлер салу, электр қуатымен және су құбырымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы осында тағы 120-125 үй салу жоспарлануда. Кәсіпорындар бұл үйлерді өз қаражаты есебінен салуда, содан кейін оларды әкімдік сатып алып, көп балалы отбасыларға таратады. Коммуникациялар салынған, сондай – ақ мұнда шаруашылық құрылыстары, септиктер мен қоршаулар болады, – деді сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а. Ардақ Исатаев.

Отбасылар бұл үйлерді кезек тәртібімен алады, пәтерлерді бөлумен комиссия айналысатын болады. Бүгінде пәтер кезегінде 575 адам тұр.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *