23-24 қазанда Орыс драмалық театрының сахнасында Борис Васильевтің аттас повесті бойынша “Завтра был война” қойылымының премьерасы өтті

Режиссер семейлік көрермендерге жақсы танымал және оның туындыларын сүйіспеншілікпен тамашалауда. Рача Махатаевтың “Ревизор” және “Сиротливый Запад” спектакльдері біздің мәдениетті қаламыздың театралдық өмірінде айрықша орын алды. Сонымен қатар, “Ревизор” Санкт-Петербургте өткен “Встречи в России” халықаралық фестивалінде үздік спектакль танылған. – Спектакль күтпеген, мүлдем жаңа, әрі тың шықты. Бұл Рачаның өзіне бұрын қатысып көрмеген жаңа үлгідегі байқап көру. Қойылым көрермендердің жүрегінде әсер қалдырды деп ойлаймын – деп татр директоры Яков Вениаминович атап өтті. – Спектакль тақырыбы – Ерлік. Әр адамның жеке ерлігі – деп бөлісті режиссердің өзі. – Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген ұлдарымыз, қыздарымыз батырлықпен қаза болды, ал олардың ерліктері жоқ жерден пайда болған жоқ. Ерлік баяу барып, көрінбейтін күшпен бойға тарайды. Кішкентай ерлік үлкен ерліктің бастамасы. “А завтра была война” повесті соғыс туралы емес, жастық, қыздар мен ұлдар туралы. Баланың шешімі емес шешімдер қабылдаған және ересектердің іс-әрекетін жасаған жасөспірімдер туралы. Бұл есею және адамгершілік таңдау, адал достық және алғашқы махаббат туралы тарих. Ұлы Отан соғысы және 40 жылдардағы ұрпақ тағдыры тақырыбы талантты жас режиссер Рачи Махатаевтың қойылымында қызықты қайта қаралды, ол повестті өзекті қылып қазіргі Z ұрпағына жақындатты. Спектакльде қазірдің өзінде өзіндік драмалық тарихы бар, ол факт жүзінде көктемгі карантинде дайын болған, оның премьерасын Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арнау жоспарланған. Алайда, әр атқан таңымызды науқастардың саны көрсетілген мәліметтермен бастап, алда 2020 жылғы мазасыз жаз күтілуіне байланысты мамыр айында қойылымның көрермендермен кездесуі жүзеге асырылмады. 50 көрерменнің (осы сан Қазақстандағы театрлары үшін санитарлық нормалармен келісілген) қатысуымен өтсе де, спектакль – мәнді оқиға дерлік. 50 көрерменнің өзі пьеса соңында әртістерге ұзақ қошемет білдіріп оларды сахнадан жібермеді.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *