Семейде маска режимін сақтау рейді жалғасуда

Бүгін, ШҚО бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес полиция қызметкерлері қала көшелеріне рейдке шықты. Тәртіп сақшылары қалалықтарға маскалық режимді сақтауын тексеріп, бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне тиым салынғанын ескертті. Сонымен қатар кешкілік уақыттарда ойын-сауық мекемелерінде рейдтер жүргізіледі. Полиция және ККБТУ қызметкерлерінен құралған мониторинг тобы кафелермен мейрамханалардың қажетті талаптарды сақтауына тексеру жүргізеді. Тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады. – Бүгінгі күні рейдке 70-ке жуық полиция қызметкерлері шықты. Қаулыға сәйкес маскалық режимді сақтау және топпен жиналмау қажет. Сонымен қатар бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыруға тиым салынған ойын-сауықтыру мекемелерін тексереміз. Кешкілік уақытқа ККБТУ-мен бірлескен топ құрылған, олар тәртіп бұзушыларды анықтап айыппұлдар толтырады. Біздің мақсатымыз халыққа маскалық режимді бұзбауды түсіндіру, себебі өзіміздің қауіпсіздігіміз өз қолымызда – деп тоқталды Семей қалалық ПБ ЖПҚ бастығы полиция майоры Мейрбек Нүрекенов. Жалпы, 17 қазаннан бастап 80 жуық тәртіп бұзушылық анықталды. Рейд жұмысы жалғасуда.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *