Семейде санитарлық нормаларды бойынша рейдтер жалғасуда

Полиция және ҚР ұлттық ұлан қызметкерлері қала көшелерінде патруль жүргізіп тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары қалалықтарға маскалық режимді сақтау маңыздылығы туралы ақпараттар беріп олардың температураларын тексеруде. Жоғарғы температура айқындалған жағдайда жедел медициналық жәрдем шақырады. – Біз адамдарға маскалық режимді сақтауды ескертіп, адамдардың бұқаралық жиналуына жол бермеуді айтудамыз. Сонымен қатар, бір отбасындағы адамдарды есептемегенде, 3 адамнан артық жиналмауды ескертудеміз. Қала 202 учаскеге бөлінген, әр учаскеде полиция және ұлттық ұлан қызметкерлері қызмет атқаруда. Жұмыс қарқынды жүргізілуде, арнайы топ қала бойынша, қоғамдық орындарда, автобустарда және кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс жүргізуде. 9 жұмылдыру тобы бизнес саласындағы карантиндік талаптарды бұзуларды анықтауда – дейді Семей қалалық ПБ ЖПҚ бастығының орынбасары полиция майоры Бауыржан Садақбаев. 10 күн ішінде жұмылдыру топтарымен кәсіпкерлік субъектілерінде 90 астам карантиндік талаптарды бұзулар анықталды. Талапбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, көбінде карантин режимін қызмет көрсетулері 22:00-ден таңертеңгі 07:00-ге дейін тыйым салынған кафелермен мейрамханалардың, сауналардың, дүкендердің және компьютерлік клубтардың иелері бұзуда. Алайда, тыйымға қарамастан олардың басым бөлігі тәуліктің түнгі мерзімінде жұмыс істеуде. Тәртіп бұзушыларға қатысты жұмылдыру топтарының өкілдерімен әкімшілік хаттамалары толтырылуда. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *