Семейде қоғамдық көліктерде жолаушылардың маскада болуларына тексеру жүргізілді

Семейде қоғамдық көліктерде жолаушылардың санитарлық-эпидемиологиялық нормалдарды, жекелей алғанда қалалықтардың маскалық режимді сақтауына тексеру жүргізілді. Масканы қалтада және басқа жерде сақтамай оны міндетті түрде киіп жүру қажет. Әйтпесе, тәртіп бұзушылар түсініктеме жазады, одан кейін материалдары ТҚСҚБ жолданады, 80 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлейді. Сонымен қатар, ШҚО бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес автобустарда адамдардың бұқаралық жиналмауы қажет. Алайда, қалалық қоғамдық көліктер аталған нормаларға сәйкес жүрмейді. Күнделікті автобустарда, әсіресе қарбалас сәттерде орын болмайды. Жолаушылардың бұған кінәсі жоқ.

– Облыста КВИ жаңа жағдайлары тіркелулерінің бір себебі адамдардың қоғамдық көліктерді пайдалануы. Сол себепті, норма талаптарына сәйкес автобустарда адамдардың бұқаралық жиналуын болдырмау қажет. Ара-қашықтықты сақтау керек. Бірақ, бұл талаптар сақталмауда, халықтың топпен автобустарға кірулері жалғасуда және инфекция таралуда. Бұған халықты кінәлауға болмайды, бұған автобус парктерінің жетекшілері кінәлі. Бізбен тиісті шаралар қабылданып, парк жетекшілеріне жолаушыларды отырғызу жөнінде хаттар жолданады. Автобустарда жолаушылардың маскемен жүрулеріне тексерулер жүргіземіз. Бүгін біз автобуста маскасыз жүрген азаматшаны айқындадық. Аталған азаматшаның маскасы бар, алайда маскасы қалтасында болған. Біз аталған азаматшадан түсініктеме алдық, материалдары ТҚСҚБ жолданады. Осыған байланысты біз қалалықтарды, өздерінің және жақындарының қауіпсіздігін сақтау үшін қоғамдық орындарда маскамен жүруге шақырамыз – дейді ТҚСҚБ Семей қалалық басқармасының жетекші маманы Мұрат Ченемесов.

Соңғы уақыттарда маскалық режимді бұзғаны үшін Семейде жүзге жуық айыппұл рәсімделді. Рейдтің іс-шаралар жалғасуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *