Семейде қаланың тарихи келбетін жаңарту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді

Бұл туралы пресс-конференцияда қалалық мәдениет бөлімінің өкілдері хабарлады.

Қалалық маслихатта тарихи-мәдени мұралардың жағдайын анықтау және диагностика жасау бойынша екі уақытша комиссия құрылды. Олардың құрамына дербес бөлім өкілдері, мәдени, тарихи, білім беру мекемелерінің жетекшілері және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.

Бірінші комиссияның мақсаты – мәдени мұра нысандарын анықтау. Екінші комиссияның мақсаты – тарихи, мәдени және архитектуралық нысанның сақталу деңгейін анықтауға бақытталған диагностика жасау және шолып қарау, ұйымдастырушылық талдау шаралары кешенін жүргізу.

– Комиссия екі рет мемлекеттік тізімге енгізілген ескерткіштерді аралады. Қала ішінде 35 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері қаралды. Жұмыс барысында Мәңгілік Ел көшесі, 6-үй мекенжайында орналасқан «Бинар» қонақүйінің ішкі қабырғалары бұзылғаны анықталды. Бүгінгі күні ғимарат иесіне түсіндірме берілді және аталған сұрақ бойынша шара қабылдау үшін уәкілетті органға хат жолданды – дейді қалалық мәдениет бөлімінің жетекшісі Назерке Аққожина.

Бүгінгі күні қала бойынша 66 тарихи және мәдени ескерткіштер тіркелген. Оның ішінде, 34 архитектуралық және қала құрылысы ескерткіштері, 16 монументтік өнер, 16 тарихи және археологиялық ескерткіштері. 10 ескерткіш республикалық маңызда, қалған 56 ескерткіш жергілікті маңызда.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *