ШҚО-да қазан айынан бастап санитарлық ережелерді бұзғаны үшін 695 айыппұл салынды

Қазан айының басынан бері облыс аумағында мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.

Халықтың белгіленген санитарлық нормаларды сақтауын бақылау үшін облыста 19 қала мен аудан бойынша 46 мониторингтік топ құрылды. Олардың құрамына тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының мамандары, жергілікті құқық қорғау және атқарушы органдардың өкілдері кірді.

1 қазан мен 8 қараша аралығында Шығыс Қазақстанда 1794 рейд жүргізіліп, 5 мыңға жуық нысан қамтылды.

Санитарлық ереже талаптарын бұзушыларға қатысты жалпы сомасы 75,3 млн. теңгеге 695 айыппұл салынды.

Мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *