Семейде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 11 мыңнан астам отбасы тіркелген

Осы туралы пресс-конференцияда тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова толығырақ мәлімет берді.

Былтырғы жылы тұрғын үймен 112 көпбалалы отбасы қамтамасыз етілді. Көпбалалы және толық емес отбасыларына және мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасыларына 20 млн теңге соммасындағы 20 тұрғын үй сертификаты берілді.

Биылғы жылы көпбалалы отбасыларына 22 пәтер берілді, оның 4 сатып алу құқығынсыз мемлекеттік тұрғын үй қорынан және 18 «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына 25 млн теңге соммасында 25 сертификат берілді. Тағы, Қарағайлы ықшам ауданындағы сатып алу құқығынсыз жалға берілетін төрт үйден 125 көпбалалы пәтерлер көпбалалы отбасылары арасында таратылады.

– Жалпы бүгінгі күні қалада 11 318 отбасы тұрғын үйге мұқтаж. Биылғы жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша мұқтаж және көпбалалы отбасыларына төлемге қабілеттілігін растауға үшін 250 жолдама берілді. Олардан 95 сұраным расталды, құны 884 млн. Сонымен қатар, 2020 жылдың екінші жартысында жергілікті атқарушы органдардың кезегіндегі отбасыларына арналған «Шаңырақ» мемлекеттік бағдарламасы басталды. Бағдарлама бойынша жылдық пайыздық көрсеткіші 5%, алғашқы жарнасы 10%, 20 жыл мерзімге беріледі. Тұрғын үйді тек бастапқы нарықта ғана сатып алуға болады – дейді Диана Шаяхметова.

Бүгінгі таңда Комсомол кентінде көпбалалы отбасыларына арналған 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Халықтың әлеуметтік осал топтарын және жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін 119 пәтер бөлу жоспарлануда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *