Коронавирус: ауруды емдегеннен гөрі, алдын алған дұрыс

ШҚО-да мониторингтік топтар бизнес нысандарын аралап, шектеу шараларының сақталуын қадағалау бойынша күнделікті рейд жүргізеді. Рейд жұмыстарының негізгі мақсаты – қауіпті індеттен сақтандыру, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермей. Вирустың өршуін тоқтату үшін аймақтың әр тұрғыны оның алдын алатын қарапайым ережелерді сақтауға тиіс.
Облыс орталығында 25 қарашадағы рейд барысында шектеу шараларын бұзудың 3 фактісі анықталып, 1 тұрғынға қатысты хаттама толтырылды.
Риддер қаласында 4 рейд өтті, 70 нысан қамтылды. Нәтижесінде 3 факті тіркеліп, 125 010 теңге көлемінде 3 айыппұл салынды.
Глубокое ауданында 108 нысанда 18 рейд жүргізіліп, маскалық режимді бұзған 2 тұрғын тіркелді.
Аягөз ауданында – 3 факті, салыгған айыппұлдың жалпы сомасы – 401 810 теңге.
Зайсан ауданында 7 нысан тексеріліп, 1 хаттама толтырылды және 41 670 теңге айыппұл салынып отыр.
Шемонаиха ауданында 32 нысанда рейд жасалып, 2 ереже бұзу фактісі анықталды.
Бесқарағай ауданында – 3 факті, айыппұл сомасы – 125 010 теңге.
Санитарлық нормаларды бұзудың ең жиі тіркелетін түрі – маскалық режимді сақтамау.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *