Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу – бүгінде әлемдік деңгейде қарастырылатын өзекті мәселе.

«Жарма ауданының Ішкі саясат бөлімінің» әлеуметтік тапсырысы аясында «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігі «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру жөніндегі шаралар кешенін өткізу» жобасын қорытындылады. Жыл барысында деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ең алдымен қоғамдастықтың қажеттіліктеріне бағалау жүргізу мақсатына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, өңірдегі ахуалдың қандай екені анықталды. Қамтылатын халық санын ұлғайту мақсатында Жарма ауданының 19 әкімшілік аумағында тұрғындарға діни экстремизммен және терроризммен күрес мәселелері бойынша буклеттер таратылды. Тағы бір өзекті тұс ретінде жастардың рухани толықтылығын анықтау болды. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында Жарма ауданының жастарының рухани картасы әзірленді. Жоба аясында барлық 19 әкімшілік аумақты қамтитын кездесулер ұйымдастырылды.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу – бүгінде әлемдік деңгейде қарастырылатын өзекті мәселе.
Тұрғындардың, ақпараттық түсіндіру топтарының біліктілігі мен дағдыларын арттыру мақсатында жоба үйлестірушісі Каирбекулы Айдын және облыстық АТТ мүшесі Мамырбеков Арафат Мәжитұлы «Дін және халық дәстүрлері» атты семинар-тренинг өткізді. Семинарға түрлі сала өкілдері қатысып, білімдерін толықтырып, жақсы әсер алғандарын айтты.
Жоба барысында әлеуметтік желілер, ақпараттық өнімдердің маңыздылығын ескере отырып тұрғындар арасында «Қоғам діни экстремизм мен терроризмге қарсы» байқауы ұйымдастырылды. Байқау шарттары бойынша қатысушылар әлеуметтік бейнеролик, демотиватор, плакат немесе басқа ақпараттық өнім дайындап комиссия мүшелеріне өткізу қажет болды. Нәтижесінде жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Бас жүлде ретінде «Smartphone» сыйға тартылды.
Жобаны тиімді ақпараттандыру және халықты үнемі тақырыпқа сай материалдармен қамтамсыз етіп отыру мақсатында жоба үйлестірушілері ақпараттық медиа порталдармен біріге, түрлі демотиваторлар және дін саласындағы мамандардың экстремизмге қарсы сөздерін, цитаталарын әлеуметтік желілерде жариялап отырды. Бұл да қазіргі кездегі ақпараттандырудың тиімді жолдарының бірі ретінде қарастырылып, өзіндік аудитория қалыптастыруға көмектесті.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу – бүгінде әлемдік деңгейде қарастырылатын өзекті мәселе.
«Діни сауаттылық» тақырыбында қоғамдастық өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастыру жобаның жалпы жүру барысын және нәтижелілігін анықтауға үлкен септігін тигізді. Дөңгелек үстел барысында өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар алдағы уақытта қандай бағытта жұмыс жасау қажет екендігі жайлы ұсыныстарын айтты. Рухани келісім күнін атап өту аясында бұл салада еңбек етіп жүрген азаматтар мен азаматшаларды марапаттау рәсімі жүргізілді. Карантиндік шектеу шараларына байланысты іс шара онлайн форматта өткізілді. Қатысушылар бағалы кітаптармен және сертификаттармен марапатталды.
Жоба қорытындысы ретінде диалогтық алаң форматында қорытынды қоғамдық тыңдалым өткізілді. Қоғамдық тыңдалым барысында жоспарды орындау бойынша ескертулер және ұсыныстар санын анықталып, алдағы уақытта жұмыстың жүру барысы жайлы сөз қозғалды. Жоба толығымен орындалып, барлық қатысушыларға оң әсерін берді деген сенімдеміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *