Семейде 149 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Бүгін, яғни 10 қаңтар күні Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Таңғы сағат жетіден бастап еліміздегі және шетелдердегі өкілдіктердегі сайлау учаскелері дауыс берушілерге есігін ашты. Семей округі бойынша 149 сайлау учаскесінің 22-сі ауылдық округтерде орналасқан болса, 19-ы жабық мекемелерде жұмыс істеуде. Сондай-ақ мұнда алғаш рет дауыс беруге келген азаматтарға кіші-гірім тосынсыйлар дайындалған.  Жалпы, сайлау учаскелеріндегі дауыс беру қалыпты жағдайда өтіп жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *