ШҚО: Риддерде диалог алаңы барысында МИБ-нің артықшылықтары талқыланды

ШҚО Риддер қаласында жергілікті өзін-өзі басқару және ҮЕҰ өкілдері МИБ артықшылықтарын (мүлік иелерінің бірлестігі), сондай-ақ шешім қабылдау үдерістерінде жергілікті қоғамдастықтардың белсенділігін арттыруға бағытталған негізгі мәселелерді талқылады.

“Үйдегі тәртіп-мемлекеттегі тәртіп!”,- міне, халыққа арналған аксиома, мемлекетті басқаруға азаматтық қатысу өз үйінің, ауласының істеріне тұрғындардың өздері, пәтер иелері қатысудан басталады, деп есептейді шараны ұйымдастырушылар.

Іс-шараға қатысушыларға “Кондоминиум объектілері жүйесін жетілдіру” презентациясы ұсынылды, жұмыс үшін үлестірме материалдар таратылды. Айта кету керек, барлық ақпараттық материалдар көп пәтерлі үйлердің тұрғындары арасында тұрақты негізде таратылады.

Осы бағыттағы жұмыстың негізгі әдістерінің бірі халықпен атаулы, нақты байланыс болып табылады. “Ақпараттық-түсіндіру қызметінің нәтижесінде ЖӨБ аумақтық кеңесі Риддер қаласында 309 кондоминиум объектісін тіркеді. Қалада барлығы-539 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 133-і ғана үй иелерінің кооперативтерінде, 406-пәтер иелері бірікті және ортақ мүлікті ұстау мәселелерін ҚР заңнамасына сәйкес өздері шешеді, бұл өз проблемаларын шешу және өмір сүру сапасын жақсарту үшін тұрғылықты жері бойынша азаматтардың өзін-өзі ұйымдастыруы болып табылады. Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқарудың ажырамас бөлігі – бұл халықтың тікелей қатысуы, біз өмір сүріп жатқан қаланың мәселелерін шешуге, өз аумағын басқаруға бәрін және барлығын

тарту болып табылады!”,- деп атап өтті кездесудің модераторы, Риддер қ. МӘМ аумақтық Кеңесінің төрайымы Надежда Худякова.

Президент Қ.Тоқаев өзінің “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі” атты халыққа Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үдерістеріне көп көңіл бөледі: “біздің ортақ міндетіміз-азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру. Билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы ғана қазіргі геосаясат мәнмәтініне кіріктірілген үйлесімді мемлекет құруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамды қолдау және нығайту, оны шешу мақсатында неғұрлым өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту қажет”, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 26 желтоқсанда Мемлекет басшысы “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңға қол қойды. Заң 2020 жылғы 7 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұл заңның бірнеше бағыты бар. Олардың бірі-басқару органдарының қызметін реттеу, атап айтқанда, жеке тұрғын үйлердің жұмыс принциптерін құру: “мүлік иелерінің бір бірлестігі — бір есеп шот”. Мүлік иелерінің бірлестігі-бір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері ғана құратын коммерциялық емес нысандағы заңды тұлға. Ең басты міндет — көп пәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелеріне өз үйлерін өздері басқаруға мүмкіндік беру

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *