Риддердің тарихи-өлкетану музейінде селфи күні өтті

Музейдегі селфи күні флешмобы жыл сайын 15 қаңтарда халықаралық деңгейде атап өтіледі. Шараның шарты қарапайым, келушілер қызықтырған экспонаттармен бірге суретке түсіп, кейіннен әлеуметтік желілерде бөлісуі тиіс.
Риддер тарихи-өлкетану музейі де акциядан шет қалмауға бел буып, келушілердің назарына музейдің бай қорындағы ең қызықты экспонаттарды ұсынды. Мысалы, жауынгердің қару-жарағы, Қазақстанда тұратын этностардың ұлттық киімдері мен бас киімдері және т.б.
– Біз акцияны қолдауға шешім қабылдадық, өйткені біз де, келушілер де бір-бірімізді сағынып қалдық. Бірақ, іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуде. Біз әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда алдын ала аңдатпа жасадық, – дейді Риддер тарихи-өлкетану мұражайының маманы Елена Путинцева.
 – Акцияның негізгі мәні – оқиғаны жақынырақ және қол жетімді ету. Өйткені, әйнектердің ар жағындағы экспонаттарды көзбен көріп тамашалағаннан гөрі, Риддердегі ең алғашқы телефонды құлағыңа төсеп, иығыңа нағыз солдат шинелін киіп көрген әлдеқайда әсерлі екені сөзсіз.
Сонымен қатар, музейге келушілер киіз үйдің ішінде жайылған дастарханда және қолдан тоқылған орындықта отырып, немесе жануарлар мен өсімдіктердің танымал түрлерінің экспозициясы қойылған табиғат залында суретке түсе алды.
Сондай-ақ, келушілер өзімен бірге тағы жеті танысын ертіп келіп, #Риддермузей хэштегі арқылы әлеуметтік желілерде фотосуретін жариялаған жағдайда, музейге тегін кіру абонементіне ие болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *