ШҚО-да әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және босату жолдары айтылды

Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну және азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату жөніндегі мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталында көрсетіледі.

Екі мемлекеттік қызмет 2020 жылдың қарашасынан бастап онлайн режимге ауыстырылды.

Баспасөз конференциясы барысында ШҚО әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас маманы Ардақ Әбілмәжінова азаматтардың әрбір санаты үшін мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі көзделгенін айтты. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, бес жұмыс күнін құрайды. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі шақыру комиссиясының қорытындысы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға отбасы жағдайы бойынша, білімін жалғастыру үшін, денсаулық жағдайы бойынша аудандық шақыру комиссиясының шешімі бойынша беріледі.

Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған, заңды негіздерде мерзімді әскери қызметке шақырылмаған азаматтар жиырма жеті жасқа толғаннан кейін әскери қызметке шақырудан босатылады.

Бұдан басқа, әскери қызмет өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде туыстарының бірі қаза тапқан немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған азаматтар босатылады. Басқа мемлекетте әскери қызмет өткерген немесе ҚР арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткерген адамдар, сондай-ақ ғылыми дәрежесі бар адамдар және тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметшілері әскерге шақырылмайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *