ШҚУ-да “Ореп University” кеңсесінің ашылуы және “Таза қол” мүсінінің тұсаукесері өтті

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті” КЕАҚ-да “Таза қол” мүсінінің тұсаукесері және “Ореп University” (“Open space”) кеңсесінің ашылуы өтті.
Іс-шара аясында С. Аманжолова атындағы ШҚУ ғылыми кітапханасы базасында “Таза қол” мүсінінің, “Парасат жолы” республикалық жобасының тұсаукесері; “Open space”/ “Open university-дің” ашылуы; “SANALY URPAQ” жобасы бойынша жұмыстардың фотокөрмесі; Абай жылында ашылған “Абайтану” ғылыми-зерттеу институтында студенттердің, оқушылардың ШҚО-ның белгілі жазушыларымен және қоғам қайраткерлерімен шығармашылық кездесуі және кітап көрмелеріне шолу өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ореп University кеңсесінің ашылуы салтанатты түрде өтті.
Ореп University кеңсесінің ашылу салтанатына ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Жалмағамбет Ерлан Нағашыбайұлы және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы қатысты.
Шақырылған қонақтар арасында Өскемен қаласы мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин; “Nur Otan” партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Васильевич Чугунков; Шығыс Қазақстан облыстық “Дидар” газетінің бас редакторы Уәлихан Дөшкенұлы Тоқпатаев; натуралист-жазушы, орнитолог ғалым, биология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан бөлімшесінің хатшысы, КСРО және Қазақстан Жазушылар одақтарының мүшесі Борис Васильевич Щербаков және т.б. болды.
– Ореп University орталығы – бұл студенттерге, университет қонақтарына түрлі мәселелер бойынша кеңес беру, бұл парасаттылық пен адалдықтың символы – “Таза кол” мүсіндік композициясы және “Ореп University” кеңсесі. Консультацияларды тәжірибелі адвокаттар, медиаторлар, жоғары курс студенттері-заңгерлер өткізеді. С. Аманжолов атындағы ШҚУ 2019 жылдан “Парасатты университет” жобасын іске асыруда, оның концептуалды негізі Ұлы Абайдың мұрасы болып табылады. “Парасат жолы” орталығының ашылуымен біз ұлттық мәдениет пен этнопедагогика құндылықтарына баулу негізінде парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша жұмысымызды кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Біздің университетте ілгерілетілетін парасаттылық идеологиясының өзегі “Адам бол!”, – деді жобалық кеңсенің және “SANALY URPAQ” студенттік клубының жетекшісі Г.Т. Байыркенова.
Ореп University – қашықтан оқыту порталы, ректор блогы, сенім жәшіктері, сенім телефондары, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл” онлайн порталы және виртуалды университет.
Студент-кеңесшілер виртуалды университетті Ореп University орталығының жұмысында қалай пайдалануға болатынын көрсете алады.
Студент-консультанттардың қатарында С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Артем Боровиков бар, ол 1 наурыз күні Ә.Н. Назарбаева құрылтайшысы болып табылатын ADAM BOL AWARDS бірінші жаһандық қазақстандық сыйлығының лауреаты және жеңімпазы атанды. Оған MYQTY ADAM атағы берілді. Ұлы Абайдың “Адам бол” адамгершілік кодексі ADAM BOL AWARDS-тың шабыт көзі болып отыр, ал жобаның ұраны – “Батырлар жанымызда!».
“Open space” – ашық кеңістік технологиясы, елімізде бұл технологиялар алғашқыда мемлекеттік қызметтер көрсету саласында танымал болды. Қазақстанның жоғары оқу орындары да қалыс қалмады. Қазір ашық кеңістік технологиялары студенттерге қызмет көрсету орталығында (СҚКО) кеңінен қолданылады. С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да 3 жылдан астам уақыт бойы қызметінің негізін “Open space” құрайтын “PARASAT” СҚКО жұмыс істеп келеді.
“Open space” барынша ашық аймақта орналасқан, өйткені бақылау және бекіту камераларынан қадағалау мүмкіндігі бар. “Open space” шартты түрде үш аймаққа бөлінген – кеңес беру (терминал), күту, келіссөздер және кездесулер. “Open space” келіссөздер кабинетінде университет басшылығының өкілдері қабылдау кестесіне сәйкес студенттер мен олардың ата-аналарын түрлі мәселелер бойынша қабылдайтын болады. Компьютерлер деканаттармен және құрылымдық бөлімшелермен онлайн байланыс орнату үшін қолданылады.
“Open space” жұмысына “SANALY URPAQ” фронт-кеңсесінің басшысы жетекшілік етеді. “Open space” жұмысына арнайы даярлықтан өткен университеттің 2-4 курс студенттері тартылатын болады. Бұл жұмыс кәсіби іс-тәжірибе ретінде есептелетін болады. 
Біздің университетте парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің бір құралы “Таза қол” мүсіндік композициясы болып отыр.
– Сыбайлас жемқорлықсыз ел әрқайсымыздан басталады. Бұл туралы біз 2019 жылдың қазан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік форумда айтқан болатынбыз. Дәл осы форумда “Саналы ұрпақ” студенттік клубының мүшелерімен “Таза қол” мүсіндік композициясының моделі таныстырылды. “Таза қол” мүсіндік композициясы мінсіз бедел, парасаттылық, адалдық, ой-сананың тазалығын бейнелейді. 2019 жылдың желтоқсан айында өткен студенттік форумда “Таза қол” мүсінінің моделі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Жатқанбайұлы Шпекпаевқа таныстырылды. Енді университет ректоры М.Ә. Төлегеннің қолдауымен университеттің бірінші оқу корпусының фойесінде “Таза қол” мүсіндік композициясы тұр. Бұл мүсін әрбір қазақстандықтың басты құндылықтарын, басымдықтарын, адам ойының тазалығын, парасаттылықты еске салуға арналған.
Әділ парасатты қоғамның – сыбайлас жемқорлықсыз қоғамның құрылысы бізге, жастарға толығымен байланысты. 
Қазақстанның болашағы біздің қолымызда және бұл қолдарымыз таза болуы тиіс, – дейді “Құқықтану” мамандығының 1 курс магистранты Шынар Бауыржанова.
Композиция үш бөліктен тұрады: тұғыр, орталық буын, мүсіннің өзі – қол тазалығының белгісі.
Тұғырда “Nur Otan” саяси партиясының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органның, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың логотиптері бейнеленген. “Таза қол” жобасының негізі – партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы, ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, біздің университеттің “Парасатты университет” жобасы.
Композицияның ортасында жобаның “Қол тазалығын сақтайық!” ұраны 3 тілде жазылған.
Мұндай мүсіндік композицияның баламасы жоқ.
Салтанатты шара аясында С. Аманжолов атындағы ШҚУ ғылыми кітапханасы базасында “Парасат жолы” республикалық жобасының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға қатысушылар “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық”, “Елбасы еңбектері”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл”, “Ыбырай Алтынсариннің еңбектері”; Сирек ескі кітаптар қорының әдебиеттері; Ретро-букварьлар жинағы кітап көрмелерін де тамашалады.
 
Баспасөз қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *