ШҚУ-да «Ореп University» кеңсесінің ашылуы және «Таза қол» мүсінінің тұсаукесері өтті

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ-да «Таза қол» мүсінінің тұсаукесері және «Ореп University» («Open space») кеңсесінің ашылуы өтті.

Іс-шара аясында С. Аманжолова атындағы ШҚУ ғылыми кітапханасы базасында “Таза қол” мүсінінің, “Парасат жолы” республикалық жобасының тұсаукесері; “Open space”/ “Open university-дің” ашылуы; “SANALY URPAQ” жобасы бойынша жұмыстардың фотокөрмесі; “Абайтану” ғылыми-зерттеу институтында студенттердің, оқушылардың ШҚО-ның белгілі жазушыларымен және қоғам қайраткерлерімен шығармашылық кездесуі және кітап көрмелеріне шолу өтті.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ореп University кеңсесінің ашылуы салтанатты түрде өтті.

Ореп University кеңсесінің ашылу салтанатына ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Жалмағамбет Ерлан Нағашыбайұлы және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Төлеген Мұхтар қатысты.

Шақырылған қонақтар арасында Қ.Сарин – Өскемен қаласы мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы; А. Байжанова – «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының орынбасары; Ермек қажы Мұқатай – ШҚО «Халифа Алтай» орталық мешітінің бас имамы; Щербаков Б. – натуралист-жазушы, орнитолог ғалым, биология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан бөлімшесінің хатшысы, КСРО және Қазақстан Жазушылар одақтарының мүшесі және т.б. бар.

– Ореп University орталығы – бұл студенттерге, университет қонақтарына түрлі мәселелер бойынша кеңес беру, бұл парасаттылық пен адалдықтың символы – “Таза кол” мүсіндік композициясы және “Ореп University” кеңсесі. Консультацияларды тәжірибелі адвокаттар, медиаторлар, жоғары курс студенттері-заңгерлер өткізеді. С. Аманжолов атындағы ШҚУ 2019 жылдан “Парасатты университет” жобасын іске асыруда, оның концептуалды негізі Ұлы Абайдың мұрасы болып табылады. “Парасат жолы” орталығының ашылуымен біз ұлттық мәдениет пен этнопедагогика құндылықтарына баулу негізінде парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша жұмысымызды кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Біздің университетте ілгерілетілетін парасаттылық идеологиясының өзегі “Адам бол!”, – деді жобалық кеңсенің және “SANALY URPAQ” студенттік клубының жетекшісі Г.Т. Байыркенова.

Ореп University – қашықтан оқыту порталы, ректор блогы, сенім жәшіктері, сенім телефондары, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл” онлайн порталы және виртуалды университет.

Студент-кеңесшілер виртуалды университетті Ореп University орталығының жұмысында қалай пайдалануға болатынын көрсете алады.

Студент Шыңғыс Абжатов экономика және құқық деканатымен байланыс орнатудың амал-тәсілін көрсетті.

Ореп University кеңсесінің ашылу салтанатындағы лента қию рәсіміне ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Жалмағамбет Ерлан, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Төлеген Мұхтар және ШҚУ-дың белсенді студенті, “Қазақстан Республикасының үздік студенті-2020” байқауының номинанты Эмиль Әли қатысты.

“Open space” – ашық кеңістік технологиясы, елімізде бұл технологиялар алғашқыда мемлекеттік қызметтер көрсету саласында танымал болды.

“Ореп University” жұмысына “SANALY URPAQ” фронт-кеңсесінің басшысы жетекшілік етеді. “Ореп University” жұмысына арнайы даярлықтан өткен университеттің 2-4 курс студенттері тартылатын болады. Бұл жұмыс кәсіби іс-тәжірибе ретінде есептелетін болады.

Біздің университетте парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің бір құралы “Таза қол” мүсіндік композициясы болып отыр.

– Сыбайлас жемқорлықсыз ел әрқайсымыздан басталады. Бұл туралы біз 2019 жылдың қазан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік форумда айтқан болатынбыз. Дәл осы форумда “Саналы ұрпақ” студенттік клубының мүшелерімен “Таза қол” мүсіндік композициясының моделі таныстырылды. “Таза қол” мүсіндік композициясы мінсіз бедел, парасаттылық, адалдық, ой-сананың тазалығын бейнелейді. 2019 жылдың желтоқсан айында өткен студенттік форумда “Таза қол” мүсінінің моделі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Жатқанбайұлы Шпекпаевқа таныстырылды. Енді университет ректоры М. Төлегеннің қолдауымен университеттің бірінші оқу корпусының фойесінде “Таза қол” мүсіндік композициясы тұр. Бұл мүсін әрбір қазақстандықтың басты құндылықтарын, басымдықтарын, адам ойының тазалығын, парасаттылықты еске салуға арналған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *