«Көктем-2021» оқу-жаттығуы: құтқарушылар тасқын сумен күреске кірісті 

2021 жылғы 4-5 наурызда Қазақстанның барлық аумағында көктемгі-су тасқыны кезеңінің салдарын жою кезінде ТЖ жағдайында іс – қимылдарды жаттықтыру үшін «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Өскемен қаласында 4 наурыз күні сағат 11.00-де жоғарыда көрсетілген оқу-жаттығу шеңберінде арнайы-тактикалық жаттығу өтті, оның мазмұны бойынша Безымянный ключ жылғасының жағалау сызығын су  шаю қаупі туындады және Ескі Согра ауданындағы тұрғын үйлерді су басты. Өткізу орны кездейсоқ таңдалған жоқ, жыл сайын көктемде осы учаскеде 20 – ға жуық тұрғын үйді су басу қаупі туындайды, 2018 жылы Маховка өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, Сограда орналасқан Скалистая, Согринская, Юннатов, Дружинников көшелерін су басты.​ ​ ​
Оқиға орнына келген жедел топ жағдайды бағалап, ТЖ ауқымы мен аймағын анықтады, құтқару жұмыстарын жүргізу және су басуды жою үшін қажетті күштер мен құралдардың есебін жасады. ​ Өскемен полиция басқармасының экипаждары дауыс зорайтқыш байланыспен жабдықталған «УАЗ» автомобильдерінде су басқан үйлердің тұрғындарын хабардар етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады.
Құтқарушылар «КУНГ» автокөлігімен және өтімділігі жоғары «ШЕРП» техникасымен жұмыс жүргізіп, халықты қауіпсіз аймаққа көшіруде. Апаттар медицинасы орталығының бригадасы мен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» психологтары алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетеді. Сонымен қатар мұзды жару және алу, су өткізу құрылыстарын ыстық сумен шаю, қар массаларын шығару және қолданыстағы арық жүйесін тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Ұлттық Ұланның жұмылдырылған жеке құрамы қарапайым құралдардың көмегімен арықтарды бұтақтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Эвакуацияланатын халықты орналастыру үшін оқу-жаттығу шеңберінде уақытша орналастыру пункті (Өскемен қаласының №18 орта мектебі) ашылды, онда шаруашылық жүргізу объектілерінің күштері мен құралдарын және тұрақты және жоғары әзірліктегі қызметтерді тарта отырып, жұмыс ұйымдастырылды.​ ​                        
«Көктем-2021» оқу-жаттығуы аясында біздің алдымызда техниканың жай-күйін және жеке құрамның көктемгі су тасқынын жоюға қабілеттілігін тексеру ғана емес, сонымен қатар су тасқыны салдарынан болуы мүмкін жағымсыз салдарларды азайту міндеті тұр. Бізге судың қалыпты өтуін қамтамасыз ету, Елеулі ТЖ — ның алдын алу үшін шаралар қабылдау қажет»,-деді Өскемен қаласы ТЖБ аға офицері Валентин Литвиненко.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *