Нәзікжандыларға арналды

Семейдің Қалалық мәдениет  “Әйел әлемі” әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өтті. Ән сөзінің авторы – ҚР Мәдениет қайраткері, ақын Дәметкен Омарбаева, ал әуенін жазған-ҚР Мәдениет қайраткері Гүлдана Ноғайбаева. Әдемі иірім мен нәзіктікке толы әнді  қалалық мәдениет сарайының әртістері Гүлбарам Мұстафина, Гүлдана Ноғайбаева, Әсия Нұғманова және Альмира Қабділхақимова орындады. Айта кетейік, бейнеклип музыкалық композиция авторлары мен орындаушыларының өз қаражатына түсірілген.

–  Әнді жазу идеясы тек бізге ғана емес, барша  ҚМС-ның сұлу да сымбатты әртістеріне де тиесілі. Қыздар мерекелік ән жазуды ұсынды. Бұл ән әйелдер туралы болғандықтан, оны әйелдердің өзінен артық ешкімнің жаза алмайтыны шешілді. Осылайша біз  бірлесіп, біз осы әнді дүниеге әкелдік және ол тыңдармандардың жүректеріне үн қосады деген үміттеміз, – дейді музыка авторы Гүлдана Ноғайбаева.

Әнді жазу шамамен бір айға созылған. Орындаушылардың айтуынша, әнді шын жүректен орындағандықтан оны жазуда ерекше қиындықтар болмаған.  Әншілердің бірі көп ұзамай көпбалалы ана атанады. Сондықтан ол үшін бұл әнді орындау ерекше сый болған.

– Жақында, мен көпбалалы ана боламын. Бұл әнді орындау мен үшін үлкен құрмет. Әнді жазу идеясы өзге мәселерді талқылап отырған бір шынаяқ шәйдің үстінде пайда болып,бәріміз бірауыздан мұны құптадық. Бұл әйелдің бар болмысынан сыр шертетін әдемі ән. Тамаша туындыны шырқай алғаныма дән ризамын, – дейді орындаушылардың бірі Әсия Нұғманова.

Көрермендер аталмыш бейнебаянды  YouTube және әлеуметтік желілерден тамашалай алады.

 

ШҚО РСК Семей қаласының ақпараттық орталығы “Шығыс ақпарат” ЖШС»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *