Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді

Қазақстанмен бірге бұл жылдары кәсіпкерлік те дамыды1998 жылы Семей қаласында “Ателье Омаровых” ЖШС құрылды. Ол бүгінгі күні қалада трикотаж бұйымдарын тігу бойынша ең танымал кәсіпорындардың бірі болып отыр. Осы жылдар ішінде кәсіпорын қала мен облыс мектептерін сапалы  мектеп формаларымен қамтамасыз етіп келеді. Өткен жылы ателье білікті жеткізушілер тізіміне енді. Бүгінгі таңда кәсіпорын ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Жақында Қытайдан бағдарламалық басқарылатын тоқу машиналары сатып алынды. Бұл ателье жұмысын жеңілдететіні сөзсіз. Шанхайлан арнайы келген мамандар бұл тоқу машинасын дұрыс бағдарламалау жұмысын үйретті.

– Біздің кәсіпорын жоғарғы трикотаж өндіруші болып табылады. Сонымен қатар, біз қазір тоқыма бұйымдарын тігуге көштік. Қазақстанның барлық  өңірлері біздің тұтынушыларымыз  болып табылады. Негізінен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жұмыс істейміз. Жеткізушілер біздің өнімдерімізге дән риза. Ұжым әр жұмысқа жауапкеріікпен қатар,аса жылдамдықпен істейді. “Атамекен” ҰКП,  қала және облыс әкімдіктері, кәсіпкерлік бөлімі бізге жақсы қолдау көрсетеді. Біз банк жүйесімен тығыз байланыстамыз. Несиелендірудің бірнеше бағдарламасын, атап айтқанда “Өндіріс” және “Бизнестің жол картасы” бағдарламаларын игердік”, – дейді ателье директоры Сақан Омарова.

Енді өндіріс алаңын кеңейту жоспарда бар. Кредиттеу бағдарламасы бойынша ателье жаңа орынға қол жеткізіп,ол да өндіріске арналатын болады. 

– Біздің бизнес мемлекетпен бірге дамыды.  Басында, әрине, оңай болмады. Күмәнмен қарап, біздің өнімге ешкім сенбеді. Бірақ қолдаудың арқасында біз дами бастадық. Өндірісті ашқан кезде үлкен шығындар болады. Бұл өте қиын, бірақ біз жетістікке жеттік. Осының барлығы мемлекеттің қолдауы мен ұжымның ауызбіршілігі деп ойлаймын.  Бізге тапсырыс берушілердің саны көп,  сол үшін дн шағын мобильді топ жұмысының көлемін игеріп жатырмыз, – деп қорытындылады Сақан Омарова.

 

ШҚО “Шығыс ақпарат” ЖШС АКҚ Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *