Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қазақ жерінің ұлы ақындарының атаулы күндеріне орай “Ақын жүрек”атты көрме ашылды

Жамбыл Жабаев, Әріп Тәңірбергенов, Ақылбай Құнанбаев, Көкбай Жанатаев, Шәкір Әбенов, Қасым Аманжолов, Тұрсынхан Әбдірахманова –  еліміздегі әдебиеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлғалар. Көрмеде олардың өмірлік және шығармашылық жолдарынан сыр шертетін материалдар ұсынылған. Ал,  экспозицияның басты ерекшелігі-Шәкір Әбеновтің өзі киген шапаны болды. Оны  жазушының туыстары мұражайға табыстаған болатын.

– Ағымдағы жыл атаулы даталарға толы. Биыл біз Тұрсынхан Әбдірахманованың жүз жылдық мерейтойын, Қасым Аманжоловтың 110 жылдығын, Шәкір Әбеновтің 120 жылдығын, Көкбай Жанатайұлының 160 жылдығын, Ақылбай Абайұлының 160 жылдығын, Әріп Тәңірбергеновтің 165 жылдығын және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтеміз. Осы айтулы күндердің құрметіне орай, біз қазақ халқының тарихында елеулі із қалдырған ұлы тұлғалардың жеке заттары, кітаптары мен тіпті музыкалық аспаптары қойылған көрмені салтанатты түрде ашамыз. Сондай-ақ, бұл жерде сіздер біздің көрме кейіпкерлерінің өмірінің ажырамас бөлігі болған үстелді, музыкалық аспаптарды көре аласыздар,- дейді өлкетану мұражайының жоғары санатты маманы Гүлнұр Шалатайқызы.

Айта кетейік, көрме 24 мамырға дейін жалғасады.

ШҚО “Шығыс ақпарат” ЖШС АКҚ Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *