Бүгінгі күні 10 000 семейлік вакцинацияланды

1 ақпаннан бастап бүкіл ел бойынша КВИ-ге қарсы ерікті вакцинация басталды. Бүгінгі күні 10 000 семейлік вакцинацияланды. Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

–Бүгінгі таңда 10 000 адам ресейлік “Спутник V”вакцинасының бірінші компонентін алды. Ертең біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес, вакцинаның жеткізілуін күтудеміз, – деп хабарлады Садырбаев.

Қалада вакцинация нүктелері анықталып, мекенжайлары белгілі жерде орналастырылды. Ірі кәсіпорындар мен жұмыс істеп тұрған емханалар базасында егу пункттері ашылды. Вакцинаны алғысы келетіндер тіркелген жері бойынша немесе Egov порталына жеке өтініш беру арқылы тіркеле алады. Дәрігерлер атап өткендей, бүгінгі таңда коронавирустан қорғаудың жалғыз жолы-вакцинация.

ШҚО “Шығыс ақпарат” ЖШС АКҚ Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *