ШҚО-да Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында арт-галерея ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған көрмеде ақын, өлкетанушы, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Алдияр Әубәкіровтың ел тарихынан терең сыр шертетін туындылары ұсынылды.
“Музы не молчат” атты арт-галереясының мақсаты – туған өлкенің табиғаты мен тарихын және облыс суретшілерінің шығармаларымен таныстыру.
Экспозицияда Алдияр Әубәкіровтің бірегей жеке коллекциясындағы туындылар ұсынылды.
– Жерлес суретшілеріміз Н.Аштема, Г.Макарова, Қ.Қадырбеков, Б.Исиналардың әр түрлі техникада салынған картиналарына үлкен құрметпен қараймын. Әрбір картина туған өлке туралы жылы және әсерлі естеліктер қалдырады. Патриот болу – отанмен бірге болу! – дейді суретші.
Алдияр Ақылбекұлы кенеп бетіне түсірілген суреттерді туған жермен байланыстыра әңгімелеп берді.
– Бүгін біздің кітапханада ерекше оқиға. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында “Музы не молчат” арт-галереясын аштық. Бұл – біздің кітапхана оқырмандары үшін үлкен оқиға, – деді кітапхана директоры Гүлнар Қадырова. – Енді мұнда келушілер үшін отандық қылқалам шеберлерінің жұмыстарын қолмен ұстап, көзбен көруіне таптырмас мүмкіндік туып отыр.
Айта кетейік, арт-галереяның жұмысы мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *