Шәкәрім университетінің базасында әлеуметтік шеберхананың ашылуы өтті

Аталмыш жоба Израиль СІМ мен Израиль Елшілігінің қолдауымен іске асты. Мұнда аутистік  спектрі бұзылған балалардың ата-аналары жұмыс істейтін болады. Бүгінгі таңда шеберханаға алты өндірістік машина сатып алынды.  Мұнда  әзірге тек төрт қызметкер бар. Олардың екеуі тігінші болса, екеуі аутизм спектрі бұзылған балалардың аналары. Ашылу рәсімі Израиль Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельман ханымның және қала басшылығының қатысуымен өтті.

– Біз Израильдің “Mashav” бағдарламасының түлектері болғандықтан, грантқа өтінім беруге мүмкіндігіміз бар. Бұл жоба Израиль СІМ және тікелей Израиль елшісінің қолдауымен жүзеге асырылды. Біз университет ретінде тігін цехын орналастыру үшін база ұсынамыз. Университет студенттері де осы жерде тәжірибеден өте алады, – дейді Шәкәрім университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Индира Оралқанова.

Шеберхананың ашылу рәсімінде университеттің проректоры, “Mashav” бағдарламасының түлегі Агенттік пен Израиль елшілігінен 10 мың доллар көлемінде грант алды.

– “Mashav” – бұл Израиль СІМ және Израиль елшілігі жанындағы Біліктілікті арттыру курстары мен халықаралық ынтымақтастық агенттігі болып табылады. Дәл осы гранттың арқасында біз бүгін осы әлеуметтік жобаны іске асырып жатырмыз. Мұнда аутистік спектрі бұзылған балалардың ата-аналары жұмыс істейтін болады.  Біз үшін жобаларды үлкен қалаларда ғана емес, өңірлерде де іске асыру маңызды. Адамдардың кең көлемде білім алып, маман иесі болатынына сеніміміз мол”, – дейді Израиль Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельман ханым.

Естеріңізге сала кетейік, жарты жыл бұрын “Mashav” грантының арқасында Семейде “Жарқын болашақ”орталығында аутистік спектрі бұзылған балаларды оңалтуға арналған спорт залы ашылды. Бұл балалардың жеңіл моторикасын дамытуға бағытталған секциялық интеграция залы. Бұл жобаға 10 мың доллар көлемінде грант бөлінді.

 

ШҚО “Шығыс ақпарат” ЖШС АКҚ Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *