Семейде Израиль Елшілігінің қолдауымен әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда

Біріншісі-Шәкәрім университетінің базасында ашылған әлеуметтік шеберхана. Мұнда аутистік спектрі бұзылған балалардың ата-аналары жұмыс істейтін болады. Шеберхананың ашылуына 10 мың доллар көлемінде грант берілді.

Екінші жоба – ҚАЗИГЗУ  базасында ашылған инклюзивті білім беру бағдарламаларын дамыту орталығы. Жобаның мақсаты-мектепке дейінгі  балаларды дамыту және әлеуметтендіру болып табылады. Аталмыш жобалардың ашылуы Израиль Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельман ханымның қатысуымен өтті.

– Бұл менің соңғы жарты жылдағы екінші сапарым. Семейде желтоқсан айында болған едім. Бізде Израильдің Сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің “Mashav”түлектерімен өте тығыз ынтымақтастық бар. Біз мұнда жобаларды ереуше жүзеге асырамыз. Бүгін университетте инклюзивті білім беру орталығы ашылуда. Оның мақсаты балабақшадағы, мектептегі және мектепке дейінгі балаларды дамытып, әлеуметтендіру.

Бүгін біз ортақ ынтымақтастығымызды талқыладық. Әзірге мұның бәрі онлайн форматта өтуде. Алайда, болашақта Израильге баруды жоспарлап отырмыз. Немесе тәжірибе алмасу мақсатында Израильден арнайы мамандарды шақыртуымыз да мүмкін. Өйткені, бүгінгі таңда Израиль инклюзивті білім беруді дамытуда үлкен тәжірибеге ие,-дейді Лиат Вексельман ханым.

Естеріңізге сала кетейік, жарты жыл бұрын “Mashav” грантының арқасында Семейде “Жарқын болашақ”орталығында аутистік спектрі бұзылған балаларды оңалтуға арналған спорт залы ашылды. Бұл балалардың жеңіл моторикасын дамытуға бағытталған секциялық интеграция зал болып табылады. Бұл жобаға 10 мың доллар көлемінде грант бөлінді.

ШҚО “Шығыс ақпарат” ЖШС АКҚ Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *