Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік

Шығыс Қазақстан облысының Ақпараттық орталығында брифинг өтіп және онда құтқарушылар шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы айтты. ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов жыл сайын облыстың су айдындарында азаматтардың қаза болу себептеріне, яғни жабдықталмаған жерлерде суға түсу, жүзе алмау, өзінің күшін бағаламау, балаларды қараусыз қалдыру және алкогольдік мас күйінде шомылу туралы тоқталды.

        Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысымен жаппай демалатын 16 орын  және 64 тыйым салынған орындар анықталды. Бүгінгі күні қалалар мен аудандардың әкімдіктері жаппай демалу орындарына нақты иелерді бекіту жұмыстары жүргізулуде.

       «Облыс орталығындағы жағажайларды қайта зерттеу облыстағы дайындық жұмыстары жалғасуда екенін көрсетті. Балалардың шомылатын орындары жабдықталмағаны анықталды және құтқарушылар мен дәрігерлердің стационарлық бекеттерін жабдықтау, азаматтардың шомылуын шектеу үшін қалтқылар орнату қажет », – деп  Өскемен қаласы ТЖБ аға офицері Валентин Литвиненко брифингте атап өтті.

       Өңірдегі барлық демалыс базаларының иелеріне су қоймаларында шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хаттар жіберілді. ШҚО ТЖД «ШҚО суларында құтқару қоғамы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, жаппай шомылатын жерлердегі акваториялардың түбін зерттеу және тазарту бойынша жұмыстар жүргізуде және бүгінгі күнге дейін 32 қоғамдық құтқарушы оқытылды және тағы 42 адам оқытылуда.

      Әкімдіктермен бірге қауіпсіздік белгілерін орнату жұмыстары жүргізілді. Сол себепті полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер жүргізілетін, қауіпті болуы мүмкін жерлерде және шомылуға тыйым салынған жерлерде 123 тыйым салу және ескерту белгілер қойылды.

     Құтқарушылар  ЖПҚ-мен бірге 833 азаматты қамтыған 233 патрульдеу жүргізілді. Полиция қызметкерлері тыйым салуды бұзған және алкогольдік ішімдіктерді ішкен адамдарға әкімшілік хаттама жасайды», – деп ескертті. Өткен шомылу маусымында ШҚО ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 364-бабы – «Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу» 146 бұзушыны және 440-бап бойынша «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде көріну» бойынша314 бұзушыны анықтады. 

       Шомылу маусымы қарсаңында балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша мектептер мен лагерьлердің директорларымен аймақтық семинар-кеңес өткізілді, облыстағы мектеп оқушылары үшін интерактивті сабақтар ұйымдастырылды.

     Брифинг соңында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ШҚ филиалының дәрігері Ермек Ілиясов суға батып бара жатқан адамға көмек көрсету және реанимация шараларын жүргізу туралы нұсқаулар берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *