Шекарашылар жоғалған баланы тауып берді

2021 жылғы 14 маусымда Шекара қызметінің ШҚО бойынша департаменті Зайсан аудандық басқармасы «Обалы» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілеріне Сарытерек кентінің тұрғыны «Қызыл» елді мекенінде жоғалып кеткен 11 жасар ұлы Кеңесханды табуға көмектесу туралы өтініш білдірді. Ата-аналарының өздіктерінен іздеуі нәтижесіз болған, сондықтан олар осы жергілікті жердің әр соқпағын білетін шекарашыларға өтініш білдіруді жөн деп шешіпті.

      ШҚ әскери қызметшілері Бутч іздестіру итімен екі іздеу тобына бөлініп, жергілікті жердің қатпарларын сүзе бастайды. Жолды шамдармен жарықтандырып, баланы қатты дауыстап шақырады, іздеу түні бойы жалғасты. Таңғы сағат 05.30-да Кеңесхан шекарашылардың дауысын естіп, оларға қарай жүгірді. Баланың айтуынша, ол үйге қайтуға тырысқан, бірақ шаршап, ағаштың түбінде ұйықтап қалған.

     Жасыл фуражка киген жауынгерлердің қиындық кезінде жергілікті тұрғындарға көмектескен сәті бұл ғана емес. Осыған ұқсас оқиғаларды болдырмас үшін балаларыңызға әр түрлі жағдайлардағы қауіпсіздік пен мінез-құлық ережелерін жеткізіңіз.

Балаларыңызға сақ болыңыздар!

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *