Семейде коронавирусқа қарсы вакцинация жалғасуда.

Бүгін “Семей құрылыс материалдары”ЖШС қызметкерлері инфекцияға қарсы вакцина алуға ниет білдірді. Оларға ресейлік “Спутник V” вакцинасы егілді.

– Қазіргі жағдайды ескере отырып, біздің жұмысшылар өздерін және жақындарын вирустан қорғау үшін вакцинациялауға ерікті түрде ниет білдірді. Жұмысшылардың басым көпшілігі қазірдің өзінде егілді. Бізге жетекшілік ететін, екпе жасайтын №3 емханамен байланыс жасаймыз. Алдымен вакцинациядан өтуге ниет білдірушілер дәрігердің кеңесінен өтеді. Содан кейін  вакцина алғандығы туралы куәландыратын құжат жазу үшін тұрғылықты жері бойынша тіркеледі, – дейді “Семей құрылыс материалдары” ЖШС қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері Галина Ботячкова.

Жұмысшылардың өздері де вакцинацияның маңыздылығын атап өтті.

– Бұл, ең алдымен өзіміздің және жақындарымыздың  қауіпсіздігі үшін маңызды, – дейді кәсіпорын қызметкерлерінің бірі Евгений Макеев.

Айта кетейік, вакцинация жалғасуда.

 

 Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *