Семейдің “Арена” мәдени-спорт кешенінде Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының және Алтай спорт клубының қолдауымен футболдан мини турнир өтті.

Мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттап, жасөспірімдердің спорттық шеберліктерін жетілдіру.

— Бүгін 2005-2006 және 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр. Додада барлығы 17 команда бақ сынап жатыр. Оның ішінде 3 команда Алтай клубының атынан қатысып жатыр.Біздің клуб “Арена” мәдени-спорт кешенінде жұмыс жасап жатыр. Әлі де мини футболдан балалар қабылдап жатырмыз. Секция тегін. 7 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.Футболдан бөлек, бізде суда жүзу, баскетбол, үстел теннис бар. Санитарлық талаптарға байланысты аз команда шақырдық. Бұл турнирді жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Көп командаларды көргіміз келеді,- деді “ALTAY SPORTS CLUB”  клубының директоры Жан Қамбаров.

Айта кетейік, турнир 1 шілдеден 6 шілдеге дейін жалғасады.

 

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *