Семейліктер “Қазақстан Барысы” турнирінің жеңімпазы Дәурен Нұралиновті қарсы алды

ШҚО балуаны Дәурен Нұралинов қазақ күресінен “Қазақстан Барысы-2021″республикалық турнирінің жеңімпазы атанды. Ақтық сында палуан Жамбыл облысынан келген қарсыласын жеңіп, Қазақстан барысы атағын жеңіп алды. Бүгін Семейдің әуежайында спортшыны туыстары, достары мен БАҚ өкілдері қарсы алды. Спортшының айтуынша, бәсекелестік мықты болған.Алайда, қажырлы жаттығулардың арқасында ол алтын белбеудің иегері атанды.

– Семейден жеті палуан аттандық. Жаттықтырушымен өткен үздіксіз жаттығулардың арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздім. Біз ұзақ дайындалдық.  Менің мақсатым Алтын белбеу алу болды. Сол мақсатыма жеттім.  Жалпы мен турнирге осымен төртінші рет қатысып отырмын. Бұған дейін Алматының атынан қатысқанмын. Осы жылы туған жерім Шығыс Қазақстан облысынан қатысып, жеңіске жетті. Өте қуаныштымын, – дейді спортшы.

Қазақ күресіне Дәурен бала кезінен бейім болыпты. Бапкерінің айтуынша, жас спортшы бала кезінде Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері және Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтен бата алған.

– Жеңіс оңай болған жоқ. Мұның бәрі үлкен еңбектің нәтижесі. Мен Дәуренді 15 жылдан бері жаттықтырып келемін. Бала кезінде Дәурен қазақ күресінен өткен турнирлердің біріне қатысып, Жақсылық Үшкемпіровтің батасын алды. Бүгінде Дәурен қазақ күресінен екі дүркін және дзюдодан жастар арасында үш дүркін чемпион атанып, үлкен жетістіктерге жетті. Алда әлі де үлкен жоспарлар бар. Қыркүйекте “Еуразия барысы”, желтоқсанда “Әлем барысы”турнирі өтеді. Сондықтан біз дайындықты қазірден бастаймыз, – дейді жаттықтырушы Ербол Егембаев.

Айта кетейік,  қала әкімі Бақытжан Байахметов та палуанды жеңісімен құттықтады.

 

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *