“Семавтопарк” жаңа автобустармен толықты

Жақында желіге шығады.

16 сәуірде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Semey Bus» ЖШС дефолт жариялады. Қаладағы көлік коллапсын болдырмау мақсатында, қалалық әкімдік конкурс жариялағанға дейін «Семавтопарк» ЖШС келісім жасап, оған маршрутқа куәлік беру туралы шешім қабылдады. Осылайша, бүгінгі таңда Семей маршруттарында конкурс өткенге дейін екі тасымалдаушы – «Семавтопарк» ЖШС және «Таксомоторный парк» ЖШС қызмет көрсетуде. Осы аптада «Семавтопарк» ЖШС орта және үлкен сыныптағы жаңа 20 автобуспен толықты, олар жақында желіге шығарылды.

  • Біздің мекемемен соңғы аптада 24 автобус сатып алынды. Яғни, 2011 жылы шығарылған корейлік құрастырылымдағы «Hyundai» маркалы 14 автобустармен және отандық өндірістегі шағын сыныптағы 10 автобуспен толықты. Олардың барлығы желіге шығарылуға дайындалуда. Шағын сыныптағы көліктер кеше желіге шығарылды. Барлық негізгі жылжымалы құрам дайын болғаннан кейін олар қалалық маршруттарда қызмет көрсететін болады. «Infobus» қосымшасы қарастырылуда, келісім жасалып орнатылады. Валидаторлар менің ойымша тендер өткеннен кейін ғана орнатылады, – деді автопарктің техникалық директоры Сергей Должиков.

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметовтың айтуынша, қаладағы көлік мәселесі жақын арада шешіледі.

  • «Семей» автобус паркімен қызмет көрсетілген, рейс тұрақтылығының бұзылуына байланысты бір ай шамасында тоқтап тұрған 4, 5, 8 маршруттар бойынша ашық конкурс жриялау керек. Сонымен қатар Шығыс, Восход, Бобровка бағыттары бойынша жұмыс жүргіземіз. Біздің міндетіміз 1 қыркүйекке дейін қаладағы барлық проблемаларды шешу. Автобустар саны бұрынғыдан қарағанда көп болады. Қазір біз бәсекелестік ортаны қалыптастырамыз, ал ол, сәйкесінше,  жолаушылар тасымалының сапасын арттырады және автобус паркін жаңартады. Осындай жұмыстар «Таксомоторный парк» ЖШС жүргізіледі. Валидаторларға қатысты белгілі бір проблемалар бар. Олардың барлығын жан-жақты қарастырамыз. Қазіргі уақыттағы жалғыз қолайсыздық, ол бүгінгі билеттендіру мәселесі. Егер Өскемен қаласы электронды билеттендіруді енгізгеннен кейін қызмет көрсеткенге 1,5-2% төлесе, ал біздің билет бағасына деген жүктемеміз 8% құрайды. Бұл қомақты сома. Сондықтан басқа операторды іздестіруіміз мүмкін. Егер қазіргі оператор жеңілдіктер жасамаса, онда басқа шаралар қолдануға тура келеді, – деп хабарлады қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *