Семейде КВИ қарсы вакцинациялау жалғасуда

Емханалар және мобильді бригадалар демалыссыз жұмыс істеуде. № 3 емхананың бас дәрігері Найля Альменева вакцинациялаудың барысы және короновируспен сырқаттану санының өсуі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Semey News.

  • Біз демалыссыз сағат 08:00-ден сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейміз. Тек біздің емхананың өзінде 8 екпе егу бригадасы жұмыс істейді. Бастапқыда медицина қызметкерлерін, әскерилерді, білім саласының қызметкерлерін вакцинацияладық. Қазіргі уақытта бізде медициналық қызметкерлердің 99% және басқа қызмет саласындағы қалалықтардың 80% екпе алды. Сонымен қатар, екпе егу бригадасы түрлі мекемелерге шығып вакцинациялауды ұйымдастыруда. Жылжымалы мобильді кешендер адамдар көп жиналатын орындарда, базарларда, үлкен супермаркеттерде қызмет көрсетуде. Біздің емханада бірінші компонентпен 8 мың адам, екінші компонентпен 6 мың адам вакцинацияланды. Вакцинациямен халықтың 53 % қамту қажет, тек сонда ғана ұжымдық иммунитет қалыптасады. Басында бізде вакцинаның төрт түрі болды, ал бүгінгі таңда халықтың белсенді екпе алуларына байланысты тек «Спутник V» вакцинасы қалды, – деді Найля Альменева.

Сонымен қатар бас дәрігер бүгінгі таңда қаламызда короновирус инфекциясымен науқастанғандардың саны артқанын атап өтті.

  • Мамыр айында, біз тұрғындардан ПТР анализдерін алғанда, олардың жалпы санының тек 10% ғана оң болып шыққан. Маусым айында бұл көрсеткіш 22%-ға өсті, ал шілде айының алғашқы жартысында ПТР анализі 35% оң нәтиже көрсетті. Науқастанудың саны артуда. Сонымен қатар, амбулаториялық ем қабылдаудағы адамдардың саны да артуда. Мобильді бригадамен 920 шақыртуға қызмет көрсетілді, атап айтсақ олардың 656 ЖРВИ, 173 өкпенің қабынуы және нәтижесінде короновирус анықталған 88 шақырту. Сондықтан өзіңді және жақындарыңды қорғау қажет, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға бармай, барлық санитарлық талаптарды ұстанған жөн, – деп қорытындылады Найля Альменева.

Естеріңізе сала кетейік, маусым айынан бастап Семей қаласында тұрғындарға ыңғайлы болу үшін және уақыттарын үнемдеулері үшін жылжымалы вакцинациялау пункті жұмыс істеуде. Вакинациялау адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда ерікті түрде жүргізілуде. Жылжымалы пунктер сағат 09:00-ден сағат 17:00-ге  жұмыс істейді. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *