ШҚО ХҚО-тарында Ashyq бойынша клиенттердің мәртебесі талон беру алдында тексерілетін болады

Бұл ретте, Сонымен қатар, сіз ғимаратқа кірмес бұрын қосымша арқылы өз мәртебеңізді тексере аласыз.

Ashyq қосымшасымен интеграцияның арқасында ХҚО-тарда азаматтардың мәртебесі талонды берер алдында автоматты түрде тексерілетін болады. Бұл шешім қандай да бір себептермен Ashyq-ты смартфондары арқылы пайдалана алмайтын клиенттерге ыңғайлы болу үшін қабылданды. Мемлекеттік қызметтерді тек қауіпсіз немесе бейтарап мәртебесі бар азаматтар ала алады. Егер қауіпті мәртебе анықталса, талон берілмейді.

Сонымен қатар, бұрынғыдай ғимараттың есігіндегі QR-код арқылы ХҚО-қа Ashyq бойынша кіруге болады. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №27 қаулысына сәйкес, 14 маусымнан бастап ХҚО-тар Ashyq сервисі арқылы клиенттерді қабылдауға көшті.

Айта кетейік, қалалық ХҚО-тар үшін кезекті алдын ала брондау бұрынғы режимде қалады. Алдын ала брондау кезінде клиенттің артықшылыққа ие болады-оператор оны белгіленген уақытта қабылдайды.

Барлық клиенттерден санитарлық нормаларды сақтауды сұраймыз: бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз.

“Азаматтарға арналған үкімет” ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *