1 қазанда Тайландта әйелдер клубы арасында Азия Чемпионаты басталған

Аталған чемпионатта мықты деп танылған Азияның жеті командасы өзара күш сынасты.  Қазақстан атынан Шығыс Қазақстанның «Алтай» клубы және Талдықорғанның «Жетісу» клубы қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша ШҚО командасы бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, «Алтай» клубының волейболшылары келесі номинациялар бойынша марапатталды, Сана Анарқұлова – «Өте құнды ойынша (MVP)», Мәдина Бекет – «Үздік либеро», Кристина Белова – «Үздік шабуылшы», Надежда Кодола – «Үздік ойынша».

Бүгін жарыс жеңімпаздарын жақындары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Семей әуежайынан ерекше құрметпен күтіп алды. Спортшылардың айтуларынша, жарыста бақталастық өте күшті болған. Сонымен қатар Тайландағы эпиджағдайға байланысты қойылған қатаң шектеулер де қиындық туындатқан. Алайда, команда қиындықтар төзе біліп, берілмей, өз алдарына мақсат қойды.

–          Жарыстың алғашқы күнінен бастап біз оқшаулауда болдық, бізге тіпті қонақ үй нөмірінен шығуға да рұқсат берілмеді. Біз өзара сөйлесе алмай қалдық, Тайландтағы эпидемиологиялық жағдай мәз болмағандықтан, ондағы шектеу шаралары өте қатаң. Бізден әр үш күн сайын ПТР-тесттерін алып тұрды, бұған қарамастан біз нөмірден жаттығуға немесе ойынға барғанда ғана шығып тұрдық. Біздің ұшуымызда ұзақ болды, ұзақ аялдамалар жасадық, ұшақтан ұшаққа ауыстық.  Бірақта, осындай қиындықтарға қарамастан біз қайда, не үшін бара жатқанымызды және алдымызда қандай мақсат тұрғанын жақсы білдік. Біз барлық күшімізді салдық. Иә, қиын болды, азиялық ойын стилі бөлек, біздің ойыннан ерекше. Біз тапсырманы орындадық деп ойлаймын, –    деді «Алтай» ВК капитаны Сана Анарқұлова.

Дегенмен, команда осы жетістігімен тоқтап қалмақ емес. Алда тартысты маусым күтуде. 10 күннен кейін волейболдан ҚР Кубогы басталады, ал желтоқсан айында Түркияда Әлем чемпионаты өтеді. Сондықтан алдағы жарыстарға дайындық жұмыстарын команда біраз күнде қайта бастайды. 

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *