Семейде қала көшелерін грейдерлеу жұмысы жалғасуда

Қазіргі уақытта қаланың 35 көшесіндегі жұмыс аяқталу алдында. Мердігер мекеме «ОблШығысЖол» ЖШС. Биылғы жылы қала көшелерін грейдерлеуге жергілікті бюджеттен 200 млн теңгедан астам қаражат бөлінген.

–           Қазіргі таңда Семей көшелеріне қиыршық тастар төселіп профильдеу жұмыстары жүргізілуде. Комсомол және Ұшақтар кенттеріндегі көшелерде жұмыс жүргізу қарастырылған. Ол жерлерде қазіргі уақыттта қиыршық тастар мен құм қоспасымен тегістеу жұмыстары жүргізілуде. 35 көшедегі жұмыс аяқталу алдында. Тағы 15-16 көшеде грейдерлеу жұмыстарын жүргізу мәселесі қарастырылуда. Тұрғын үй массивтерінен асфальт магистральына дейінгі жолдарға қиыршық тастар төсеп, тегістеуге тырысамыз. Қазір тұрғындар өтініштер жазуда. Арыздары және өтініштері бойынша біз мәселені қарастырамыз, – деді Семей қ. жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы   Жасар Түсіпов.

Барлық жолдарды грейдерлеумен қамту мүмкін болмауына байланысты, алдағы жылға жөндеуді қажет ететін көшелердің тізімі жасалуда.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *