Семейліктерді вакцинациялауға шақырады

Елімізде ақпан айынан бастап КВИ қарсы вакцинациялау басталды, қазіргі уақытта науқан жалғасуда. Қазіргі уақытта Семей қаласындағы «Әділет Ем» емханасында 7 мыңнан астам адам вакцина алған. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте аталған емхананың бас дәрігері Әділет Шортомбаев мәлімдеді.

–           Біздің емханаға тіркелген тұрғындардың саны 15 228 адамды құрайды. Бүгінгі таңда бізде 10 учаскелік дәрігер жұмыс істейді. Қолданыста барлық вакцина бар. Вакцинациялау басынан бастап 7600 адам вакцина алды, бұл бекітілген тұрғындардың 72 % құрайды. Бұл көрсеткіш дипансерлік есептегі тұрғындарды есепке алмағанда. Вакцинациялау бүгінде жалғасуда. Бастапқыда адамдар алаңдаушылық танытқан, қазір жұмыс тиісті жолға қойылған. Сонымен қатар үш мобильді бригада жұмыс істеуде, олар кез келген уақытта көмек көрсетіп,  ПТР-тестілерін алады. Бүгінгі күні бізде 2836 адам диспансерлік есепте тұр, оларға медициналық көрсеткіштер бойынша вакцина алуға болмайды.  Вакцинациялау күнделікті жалғасуда. Тұрғындардың барлығын вакцинациялануға шақырғым келеді, өйткені, қазіргі уақытта осы індетті жоюдың жалғыз әдісі – вакцинациялану, – деп қорытындылады Әділет Шортомбаев.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *