Семейде Әлихан Бөкейхан университетінде орыстың ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Козодойдың “Алихан Букейханов: человек-эпоха” атты кітабының тұсаукесері өтті

Тарихшы-ғалымның кітабының тұсаукесері Алашорда қозғалысының тарихи орталығы – Семей қаласында және көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның есімімен аталатын жоғарғы оқу орнында өткені керемет. Салтанатты іс-шараға қаланың зиялы қауымы, қалалық әкімшіліктің және саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

– Мен қатты қобалжыдым, мені осылайша жылы қарсы алады деп күтпеген едім, сондықтан мен қатты толқып тұрмын. Менің қарапайым еңбегімді зор бағалаған жоғарғы оқу орнының басшылығына, жекелей ректорына алғысымды білдіремін. Кітапты ресейлік оқырмандар үшін жазғандықтан, бастапқыда кітаптың тұсаукесерін Новосібір қаласында өткізуді жоспарлағанмын, ал кейінірек тұсаукесерді Семейде өткізу идеясы пайда болды. Әлихан Бөкейхан туралы Ресейде тұңғыш жарық көрген кітаптың тұсаукесері бірінші болып Семейде өткені керемет. Бұл өте көрнекті сәт. Әрине, әр автор өз туындысын қоғамның қабылдағанын, оқығанын қалайды. Сондықтан мен қоблажу сезіміндемін. Қазақстандықтарды, менің кітабымның кейіпкері негізін қалаған ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын, – деді Виктор Козодой.

Бұл кітап – автордың 2019 – 2021 жылдардағы Әлихан Бөкейханның өмірі мен тарихи тұлғасына арнап жүргізген табанды ізденістерінің нәтижесі. Кітапқа дерек көздер, материалдар мен фактілер, соның ішінде бұрындары ғылыми айналымда пайдаланылмаған мұрағаттық құжаттары, естеліктер, мемлекеттік және саяси, партия және әскери қайраткерлерінің мемуарлары, сол жылдардағы газет-журналдардағы мақалалар кіргізілген. Кітап тарихшыларға, қоғамтанушыларға, саясаттанушыларға және жалпы оқырмандардың кең ауқымына арналған. 

 Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *