Семейде КВИ егу науқаны жалғасуда

Бүгінгі күні Семей қаласының №1 алғашқы медициналық-санитарлық көмек емханасында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 7000 – нан астам адам, ал екіншісімен 6000-нан астам адам егілді. Бұл туралы АКҚ-де өткен брифингте емхананың эпидемиолог дәрігері Ильгиз Ахмеров мәлімдеді.

–Бүгінгі таңда біздің емханаға 14090 адам тіркелген. Бірінші компонентпен 7635 адам, екінші компонентпен 6888 адам егілді. Вакцинация “Спутник V”, “QazVac” және “Sinopharm” вакциналарымен жүргізілуде. Тіркелген халықтың көп бөлігі вакцинаны алды. Тек онкологиялық науқастар және созылмалы аурулары бар  науқастарға екпе салынған жоқ.   Медициналық анықтама (медотвод) созылмалы аурулары бар адамдарға немесе аурудың асқыннан түрі байқалған адамдарға беріледі, – дейді Ильгиз Ахмеров.

Брифингте сондай-ақ, қоғамдық орындарда медициналық бетперде киюдің және әлеуметтік қашықтықты сақтаудың маңыздылығы жөнінде айтылды.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *