106 науқас ядролық медицина орталығында емделді

Семейде еліміздегі жалғыз ядролық медицина орталығы жұмыс істей бастады. Теңдессіз бірегей  медициналық мекеме онко және кардио ауруларын диагностикалау мен емдеуді әлемдік деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Радионуклеидті терапия бөлімінде 106 науқас емделіп, 378 пациент диагностикалық зерттеулерден өтті. Орталықтың өзі әлемдік стандарттарға сай жұмыс жасауда.
Орталықтың дәрігерлері Компьютерлік томографпен біріктірілген позитронды-эмиссиялық томограф арқылы диагнозды және емдеуді сәуір айынан бастады.  50 минут ішінде науқас толық диагностикадан өтеді.  Дәрігерлер бұл арқылы  аурудың негізгі орнын ғана емес, сондай-ақ, енді дамып келе жатқан  ауруды да көре алады. Бүгінгі таңда дәрігерлер қаңқа, бүйрек, қалқанша безінің диагнозын сәтті жүргізуде. ҚР – да жалғыз болып табылатын ядролық медицина орталығының 7 күн болу ұзақтығын ескере отырып, 600 науқас көмек бере алады.  Аппараттарға келетін болсақ, 6 мыңға дейін науқасты  қабылдау қабілеті бар.
Радиоактивті изотоптармен жүргізілген зерттеулердің дәлдігі қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтауға, сонымен қатар онымен тиімді күрес жүргізуге көмектеседі. Радиофармпрепараттар тіпті микроскопиялық қатерлі ісік түзілімдерін дәл анықтап, содан кейін жасушаларды қалпына келтіру үшін құрылыс ақуызын жеткізеді. Жылдамдық, дәлдік және қауіпсіздік мұның бәрін ядролық медицина жасай алады. Тіпті, науқасқа ең қиын жағдайларда да ары қарай қалыпты өмір сүруге мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *