Семей қаласын дамытудың бас жоспары шеңберінде қала маңындағы аумақтарда ЖТҚ үшін жалпы ауданы 4 070,3 га он тұрғын үй алабы және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер айқындалды

Бұл туралы АКҚ-де өткен баспасөз конференциясында Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков мәлімдеді.

-Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды учаскелерге жеткізу үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезең- 2 тұрғын үй алабы, ауданы 322 га болатын 1 695 жер учаскесі, Ұшақтар және Комсомол кентінде қарастырылған. Іске асыру мерзімі – 2019-2022 жж.Екінші кезең – 1 тұрғын үй алабы, ауданы 396 га, 1700 жер учаскесі Ақсайда болмақ. Іске асыру мерзімі 2022-2026 жж.Үшінші кезең – 3 тұрғын алабы, 3 352,3 га, 10 320 жер учаскесі, “Суықбұлақ”, Бобровка кенті, Жарқын, Ақ қайың, Жібек Жолы, Степной кенттері. Іске асыру мерзімі – 2027-2031 жж. Ағымдағы жылы жалпы ауданы 26,1 мың ш.м. екі тұрғын үйдің егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары әзірленіп, бекітілді. Пәтерлердің жалпы саны 237. Жалпы ауданы 9,7 мың шаршы метр болатын үш көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, – деді Димитрий Гариков.

Аталып өткендей, биыл 86 263 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысын пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері 60 263 мың шаршы метр пайдалануға берілді. 

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *