ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Семейге келді

Облыс басшысы өткен жазда ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізілген қаладағы Орталық, 103, 103А және 35-квартал қазандықтарында болдыДаниал Ахметов атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады, алайда қазандықтардағы жабдықтардың ескіргенін атап өтті.

–           Барлық ресурстар игерілді. Мысалға, біз көріп отырғандай, Орталық қазандығындағы жұмыстардың басым бөлігі биылғы жылы атқарылған. Дегенмен біз үнемі ескірген жабдықтарға қайта құрумен айналыса алмаймыз. Мен Бақытжан Байахметовке және энергетика басқармасының өкілдеріне шет елдердің оң тәжірибелерімен танысуды ұсындым, – деді Даниал Ахметов. 

Семей қаласындағы ақапарттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *