Биылғы жылы Абай ауданының бюджеті бес миллиардтан астам теңгені құрады

Бүгінгі таңда 4 млрд 708 млн теңге игерілді. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ауданы әкімі Нұржан Әбдікәрімов мәлімдеді.

Аудандағы кәсіпкерліктің негізгі түрі – ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауылшаруашылық құрылымдарымен және жеке тұлғалармен осы кезеңде 29 208,2 тонна тірі ет өндірілді, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда -106,4 пайызды құрады, сүт өнімі – 38 880,3 тонна немесе 107,0 пайыз, жұмыртқа -1 274,7 мың дана,яғни 106,2 пайызды құрады. Бүгінгі күні аудан бойынша  134 119 бас қой-ешкі малы, 69 712 бас мүйізді ірі қара, 40 270  бас жылқы малдары қолда бар. Қой-ешкі малы 83,6 пайызға кеміген, мүйізді ірі қара малы 103,0 пайызға, жылқы малы 100,6 пайызға өсіп отыр, – деп мәлімдеді Нұржан Әбдікәрімов.

Инвестицияға тоқталсақ, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі болжам бойынша  2 578,1 млн.теңге.  Бөлшек сауда тауар айналымы 1 779,1 млн. теңгені құрады. 2021 жылдың қаңтар-қазан айы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен 4 394,8 млн. теңгенің тауарлық өнімдерін өндірді. Оның ішінде 2 411,3 млн. теңге тау-кен өнімдері,  335,6 млн. теңге өңдеу өнеркәсібі.

Аудан әкімінің ақпараты бойынша, алдағы уақытта 6 117 шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы салынады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда – 2,1 есе артты.

–           Халықты жұмыспен қамту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 226 адам. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 4,2 пайыз. Жаңадан 348 жұмыс орыны ашылды. 537 адам жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмысқа 355 адам тартылды.

Орташа еңбек ақы аудан бойынша 184 281 теңге, 2020 жылмен салыстырғанда 126,9 пайызға жоғары, – деп қосымшалады аудан әкімі.

Сонымен қатар ауданда шағын бизнесте дамуда. Ауданда 55 малый бизнес тіркелген. Олардан жұмыс істеп тұрғаны 45, былтырғы жылмен салыстырғанда 104,7 пайыз.

Ауданды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *