ШҚО мен Нұр-Сұлтан қаласының онкологиялық орталықтары өзара ынтымақтастық орнатты

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шорановтың Өскемен қаласына сапары аясында Нұр-Сұлан қалалық Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы мен Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология орталығы арасында меморандумға қол қойылды.
Тараптар онкология, радиология және ядролық медицина салаларында ынтымақтастық орнатуға келісті. Келісімге сәйкес екі жақтың іскерлік өзара іс-қимылындағы басым бағыттар белгіленді. Атап айтқанда, мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, онкология, радиология және ядролық медицинаның заманауи бағыттары бойынша шеберлік сабақтары мен ғылыми-білім беру бағдарламаларын өткізу.
Сондай-ақ медицинаның жоғарыда аталған салаларында бірлескен зерттеулер жүргізу жоспарланған. Ең бастысы, тәжірибе алмасу және онкологиялық орталықтардың мамандары арасында консультациялар мен телекөпірлер өткізу болып отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *