Әлихан Бөкейхан университетте “Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік тілдің дамуы: бүгіні мен болашағы “атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Кездесуге ШҚО-ның ғалымдары мен мамандары қатысты.

– Бүгін ШҚО тілдерді дамыту басқармасы Семейде ғылыми – тәжірибелік конференция өткізуде.  Оның басты мақсаты-өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілді үйрену, дамыту және дәріптеу. 2025 жылдан бастап латын графикасына көшу жоспарда болғандықтан, біз осы мәселе бойынша ғалымдар мен мамандардың пікірін білгіміз келеді. Конференцияға қатыса алмаған облыс мамандары онлайн форматта тамашалауда,- дейді ШҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы Роза Төлемісова.

Қатысушылар атап өткендей, болашақта балаларға арналған мультфильмдерді мемлекеттік тілде шығару жоспарлануда.

– “Рухани жаңғыру”бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізіліп, үлкен жұмыс атқарылды. Ономастикалық орталық ашылып, ғалымдар мен мамандар мемлекеттік тілдің дамуын зерттеп жатыр. Бұл өте ауқымды жұмыс. Мен оны жалғастыру керек деп санаймын. Егер балаларымыз үшін мультфильмдер мен қосымшаларды қазақ тілінде шығаратын болсақ, бұл да қазақ тілінің дамуына өз үлесін қосады. Менің ойымша, жақында біз оған жетеміз, – деп қорытындылады Ә.Бөкейханов атындағы университеттің профессоры Шынар Сейітова.

 

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *