Биылғы жылы Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде.

Осы уақыт аралығында еліміз өмірдің бірқатар салаларында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізді. Тәуелсіздік жылдарында Семейдегі Абай музейі де бірқатар өзгерістерге ұшырады. Жыл сайын музейдегі бөлімшелер саны өсіп келеді, ал экспозициялар жаңа бірегей жәдігерлермен толықтырылуда. Уақыт өте келе музейдің сыртқы келбеті де өзгерді. Бүгінде ол заманауи ғимарат, барлық қажеттілермен жабдықталған: музейдің барлық бөлмелеріне сенсорлы экрандар орнатылған, ал музыка залында келушілер тіпті ұсынылған аспаптардың дыбыстарын ести алады. 

–           Биылғы жылы еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде біздің музей қарқынды дамыды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ол музей-қорық ретінде қайта құрылды. Біздегі бөлімшелердің көбі сол уақыттарда ашылды. Бүгіндері біз Қазақстандағы ең ірі музейлердің қатарына енеміз. Ұлы Абайдың 150-жылдығы, кейіннен 175-жылдығында бізге мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетілді. Маңызды іс-шаралар өткізілді, қосымша құрылыстар пайда болды, Абай-Шәкәрім кесенесіне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді және бүгінде ол көптеген қазақстандықтар үшін қажылық орны болып табылады.  Биылғы жылы өзгерістер мұражайдың экспозициясына әсер етті, – деді Абай музейінің директоры Мейрамгүл Қайрамбаева.

Заманауи келушісіне – заманауи музей. Мекеме басшысы осындай ұстанымды ұстайды. Келушілерге арнап барлық қажетті техникалық жаңашылдықтар орнатылған. Музейдің барлық залдарына үш тілде мәлімет беретін ақпараттық тақталар орнатылған, алайда экспонат туралы толықтай мәліметтерді келушілер QR-кодты сканерлеу арқылы біле алады. Сонымен қатар бұл жерде экскурсоводты келушінің қалауы бойынша аудиогид алмастыра алады. Сондай-ақ музейдің барлық залдарында Touch-экрандар орнатылған. Бірақ музейдің басты көзтартатындарының бірі әлі де болса жәдігерлер болып табылады. Келушілердің назарына Абайдың көзі тірісінде, өз қолымен өлкетану музейіне табыстаған экспонаттары ұсынылды. Сондай-ақ бұл жерде келушілер Абайдың қара сөздерін оқып және ести алады. Музей балалар үшін де өте қызықты.  Бұл жерде бүлдіршіндерге арналып қазақ үй үлгісінде жасалған зал жұмыс істейді, ол жерде олар Абайдың әжесі – Зеренің дауысымен ертегілер ести алады және көлеңкелі қуыршақтар театрын тамашалай алады.

Музей аумағыда бірқатар өзгерістерге ұшырады. Бұл жерде, Ұлы ойшылдың 175-жылдығына орай газондар және гүлдер орнатылды. Ең басты жаңашылдық, ол – Абай ұлдарымен ескерткіші. Ол қазір музей аумағындағы негізгі безендіру болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *