Семейде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күні «Gold king» спорттық залының жаңа филиалы ашылды

Спорт зал қалалық мәслихат депутаты, «Gold king» спорт залының директоры, пауэрлифтинг бойынша аға жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның бірнеше дүркін чемпионы Андрей Алтайбаевтың жеке қаражаты есебінен ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов қатысты.

  • Елбасының және  президентіміздің саясаттары арқасында біздің мемлекетіміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді және де бүгін біз кезекті «Gold king» спорт залының ашылу салтанатына жиналдық. Бұл біздің еліміздің даму саясатының дұрыс екенін көрсетеді. Тұрғындарды спортпен шұғылдануға шақыратын адамдардың арқасында біздің елімізде спорттық бағыттар дамуда. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі адамдар тегін айналысатын болады. Бұгінгі күні 7 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 15 ҚР спорт шебері дайындалып шығарылды. Бұл қуантпай қоймайды, – деді Бақытжан Байахметов.  

Залда мүмкіндігі шектелген адамдар және аз қамтылған отбасылардағы оқушылар тегін айналысуға мүмкіндік алды.

  • Бұл күні біздің спорттық залды ашу өте қуанышты.Баршаңызға алғысымды білдіремін, еліміздің жастарын спортқа баулу тұрғысындағы жұмыстарымыз бірлесіп жүргізілуде. Бірге, біз бәрін жеңеміз,- деді спортзал директоры Андрей Алтайбаев.

Спорттық залдың филиалдары келесі мекенжайларда орналасқан: Л.Толстой көшесі, 8-үй және Бауыржан Момышұлы көшесі, 35-үй.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *