ШҚО-да бір қаңғыбас жануарды атуға 4 мың теңге жұмсалады

Биыл Шығыс Қазақстанда қаңғыбас жануарларды аулап, атуға 80 миллион теңге бөлінді. Облыстың ветеринария басқармасы бір жануарды атуға 3 770 теңге жұмсалатынын атап өтті. Осы жылы 9 мыңға жуық қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланған.
– Бірнеше ай бұрын біз Бриджит Бордо зоофондының өкілдерімен қаңғыбас жануарлармен күресудің жаңа әдістерін талқыладық. Біз иттер мен мысықтарды аулау, чиптеу және зарарсыздандыру туралы оймен келісеміз. Бұл жануарлардың санын азайтуға көмектеседі, – деді ШҚО ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов.
Алайда,  заңнамада қаңғыбас жануарларды аулау және ату туралы жазылған. Қазіргі уақытта жаңа заң жобасы үкіметте қаралуда. Осыдан кейін  ғана иесіз қалған жануарлармен күресуге болады. Рамиль Сағандықовтың айтуынша, заң 2022 жылдың ортасында күшіне енуі мүмкін.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *