Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында қалалық қоғамдық көлік мәселесіне тоқталды

Бүгінгі таңда қала маршруттарында 3 кәсіпорын қызмет көрсететіні айтылды, олар: «Таксопарк» ЖШС – 13 маршрут бойынша (128 бірлікте автобус), «Семавтопарк» ЖШС – 9 маршрутта (олардың алтауы конкурс өткенге дейін уақытша, 70 бірліктегі автобусы бар) және «АвтоТрансСемей» ЖШС – 18 маршрутта (176 бірлікте автобус, олардың 143 меншік, 33 бірлігі жалданбалы).

–           2019 жылға дейін 50 маршрут болған, 13 маршрут қысқарды, жаңа 3 маршрут қосылды. Бүгінгі күні қалада 40 маршрут бар. Тасымалдаушылар жүргізген талдау бойынша, қала маршруттарында қызмет көрсететін автобсутардың саны жолаушы тасымалын толықтай қанағттандырады, – деп атап өтті қала басшысы.

Сонымен қатар Бақытжан Байахметов қала басшылығы тұрақты түрде жолаушы тасымалы жұмысын бақылауда ұстап, мониторингтер жүргізіліп отыратынын айтып өтті.

 

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *