Семей әкімдігін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Семейдегі жаппай тәртіп бұзушылық салдарынан қалалық әкімдік қатты зардап шекті. Нәтижесінде ғимараттың әйнектері сынды, терезе блоктары мен есіктері бұзылды, үстелдер мен орындықтар қирады, сондай-ақ қызметтік бөлмелердегі техникалар ұрланды. Келтірілген шығын есептелуде. Қазіргі уақытта ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары басталды. 

–           Барлық кіріс есіктері, витражды шынылар қиратылды. Ғимарат қабатындағы 25 терезе сынған, олар бірінші қабатта да сынған. 171 есік қиратылды, соның төртеуі металл есіктер. Сондай-ақ басқа материалдық шығындар келтірілді: үстелдер мен орындықтар сындырылды, ноутбуктар, принтерлер мен диктафондар ұрланды. Жалпы алғанда алып кетуге мүмкін болғанның барлығын алып кеткен. Қазір жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды. Кіріс есіктер жөнделуде, әйнектер салынып, ақтау жұмыстары жүргізілуде. Осының барлығы қайта қалпына келтірілетін болады. Шығын көлемі есептелуде, ақаулы акт жасалатын болады. Қалпына келтіру бюджет есебінен жүргізіледі. Әкімдік асханасы қалпына келтірілді, штатты режімде жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар әкімдікте штатты режімде жұмыс істеп тұр, – деді қаржы-шаруашылық жұмыстар бөлімінің басшысы Шынар Сағадиева.   

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *