Семейде үйлердің қасбеттері жөнделеді және ескі ғимараттар қалпына келтіріледі

Семей жұртшылығымен кездесуде ШҚО әкімі Даниал Ахметов қаланың орталық көшелерінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер қалай аббаттандырылатынын айтып өтті.

Облыс басшысының айтуынша, биылғы Семейде көпірден теміржол вокзалын байланыстыратын Шәкәрім даңғылы бойында орналасқан көпқабатты 19 тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылады.

–           Бұл, Семей қаласының қақпасы сияқты. Сондықтан біз аталған үйлерді аббаттандыруды жоспарлаудамыз, үйлердің қасбеттері жаңа кейіпке ие болады. Дегенмен, қаланың бірегей тарихы бар екенін ұмытпау керек, бұл жерде көптеген ескі ғимараттар бар. Осындай нысандарды қайта қалпына келтіретін арнайы бағдарлама бар. Сондықтан біз Семей қаласының тарихи көркін сақтау үшін, ескірген үйлерді қалпына келтірумен айналысатын мамандарды тартамыз, – деп айтып өтті Даниал Ахметов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *