Семейде Абай мешітіне жер үсті өткелі салынды

Өткен жылы аспалы көпір ауданындағы айналма жолда орналасқан мешітке солтүстік жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Жобаны жобалаушы “Семей-ОтделСтрой” ЖШС, мердігер – “AGM Service”ЖШС болды. Көпірдің ұзындығы – 48 метр, ені-2,5 метр, биіктігі-5,3 метр.
Өткелдің салтанатты ашылу рәсіміне ШҚО әкімі Даниал Ахметов қатысты. Аймақ басшысы жер үсті өткелі мешіттің сәулеттік келбетіне сай келетінін атап өтті.  Сондай-ақ жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі автомобильдердің өткізу қабілетін ұлғайта отырып, жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
 Оңтүстік өткелдің құрылысы биыл басталады. Жобаланған жаяу жүргіншілер көпірінің ұзындығы – 58 метр. Бүгінгі таңда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *